БҰҰ-ның аталмыш аймақтық комиссиясы алғаш рет өзінің көшпелі отырысында Орталық Азияда өткізіп отыр. Сессия шеңберінде Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясына (ЭСКАТО) мүше елдердің министрлерінің кездесуін, комиссияның жоғары лауазымды тұлғаларының отырысын, Азия-тынық мұхиты бизнес форумын, БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнаулы бағдарламасы - СПЕКА-ның экономикалық форумы мен бизнес-көрме ұйымдастыру межеленген.
Сессия барысында ЭСКАТО реформасы, жаһандану процесстері мен оларды ретету, кедейлікті басқару және оны азайту, әлеуметтік мәселелер, ЭСКАТО аймағындағы саяси проблемаларды талқылау көзделген. Сонымен қатар ең төменгі деңгейде дамыған және дамушы елдердің проблемалары, теңізге шығатын жолы жоқ елдердің тауқыметі, аралдардағы шағын әрі дамушы елдердің проблемалары қаралады.
Сессиясға БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының бас директоры, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Ким Хак Су қатысуда. Сонымен бірге шараға ЭСКАТО-ға мүше 62 елдің үкімет басшылары мен министрлерінен құралған 400-ден астам делегат қатысады. Қазақстанның ресми делегациясын республика үкімет басшысының орынбасары- экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин басқарады.
Азия және Тынық мұхиты елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына және олардың өзара және үшінші елдермен ынтымақтастығына ықпал жасау мақсатын көздейтін ЭСКАТО комиссиясы 1947-жылы құрылған. Оған Азия және Тынық мұхиты аймағының 51 мемлекеті мүшелікке өткен. 2007-жылы БҰҰ-ның аса ірі аймақтық комиссиясы - ЭСКАТО-ға 60 жыл толады. Комиссияның бұған дейінгі 62-ші сессиясы 2006-жылдың сәуір айында Индонезияның Джакарта қаласында өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті