Алматыда Д. Қонаевты еске алу апталығы басталды

Оны Д. Қонаев мұражай-үйі ұйымдастырып отыр. Бүгін онда «Балалар экскурсия жүргізеді», «Мұражайға жәдігерлер сыйла» акциялары мен «Қонаевтың мұрағаттық құжаттары» көрмесі ашылды.

«Апталық кезінде Д.Қонаев университеті, Халықаралық Д. Қонаев қоры, Д. Қонаев атындағы тау-кен институты, Д. Қонев атындағы Үлкен Алматы арнасы күндері мен тақырыптық экскурсиялар жүргізіледі. Биыл тамыздың 22-сі күні 3 дүркін Социалистік Еңбек Ері, ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымының докторы Дінмұхамед Ахметұлының қайтыс болғанына 18 жыл толады. Сол себепті бұл күні марқұмның Кеңсайдағы зиратына және Алматыдағы ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, мұражайда жаңа жәдігерлер көрмесі ашылады», - дейді Д. Қонаев мұражай-үйінің бас қор сақтаушысы Гүлмира Бекмұратова. Оның айтуынша, еске алу шаралары одан кейін де өз жалғасын тауып 23-інде «Қонаев оттықтары», 24-інде «Қонаевтың альбомдары мен жаңа фотосуреттері», 25-інде «Д. Қонаевқа мемлекеттер басшыларының кәдесыйлары» көрмелері болады. Сондай-ақ Д.Ахметұлының 75, 80 жылдықтарына орай түсірілген фильмдер көрсетіледі. Ал 26-тамызда Алматы-Үлкен Алматы арнасы» марофоны, «Д.Қонаев- ғасыр адамы» деп аталатын конференция және «Үлкен Алматы арнасы - ғасыр құрылысы» көрмесі мен арнайы фильмнің көрсетілімі болады.