Алматыда дәмхана өртенді: 10 газ балоны шығарылды


Өрт туралы хабарлама таңғы 9:20-да түскен. 
Тілсіз жау дəмхананың жазғы алаңының 10-15 шаршы метр аумағын зақымдаған. Өрт сөндірушілердің айтуынша, өрт электр плитасы мен тоқтың қысқаша тұйықталуынан болған. 
Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 25 литрлік 8, 50 литрлік 2 газ балонын, 1 оттегі балонын сыртқа шығарған.