Алматыда дәрігерлер баспанасыз адамды емдеуден бас тартқан

Отыз бес жастағы Александр Садық, оң аяқ балтырының еті көрініп отырсада жанын бағу үшін қайыр сұрауға мәжбүр. Көшеде қалған қаңғысбасқа алаңдаған Екатерина Железина жедел-жәрдем шақыртыпты.

«Біз мәселенің мән жайын телефонға түсірдік. Шарасыздан қайыр сұрауға мәжбүр болып отырған азаматтың аяғын көрдіңіздер ғой. Неге ақ халаттылар оған көмек көрсетудің орнына не істесек деген оймен әбден ойланады? Адам-адамға жаны ашымаса болмайды ғой. Менің жедел – жәрдем қызметкерлеріменен ұрысқанымның салдарынан қалалық 12 ауруханаға алып кетті»,- деді Алматы тұрғыны, Екатерина Железина.

Көшенің қақ ортасында айғай шу шыққан соң дәрігерлер қайыршыны ауруханаға жеткізген. Сол маңдағы куәгерлер талай рет жедел-жәрдем шақырғанымызбен алмай кеткен дейді. Науқастың халін білу үшін артшынша бізде бардық. Алайда, дәрігерлер барлық жағдай жасап, қарап жатқандарын айтты.

«Қазіргі заманда, дәрігерлерге сенімсіздікпен қарағандар қателеседі. Біз әрқашанда әр науқасты қабылдауға дайынбыз. Бірақ бізде де міндет бар қандай науқасты қабылдау керек? Не жөнінен деген сияқты. Науқастың ауруы асқынып кеткен. 2014 жылдан бері пайда болған. Қазір жағдайы жақсы»,- деді Хирургиялық инфекция және проктология бөлімінің меңгерушісі, Марат Каленбаев.


Екі беті ісініп кеткен бұл азаматты қазіргі халі қалыпты көрінеді. Алайда, көптен бері асқынған ауруы ел қатарлы еңбек етіп, нәпәқа табуыма мүмкіндік бермейді дейді науқас.

«Көшеде менің түрімді көріп, жедел-жәрдем шақыртып ауруханаға алып келген әлгі әйелге рахметімді айтамын. Аяғым жараланбай отырып базарда тәшкі сүйреген едім. Қазір жүріп-тұруым нашарлағаннан кейін жан бағу мақсатында қайыр сұраймын. Жағдайым жақсы болып қалды. Дәрігерлерге рахмет айтамын»,- деді Алматы тұрғыны, Александр Садықов.

Елімізде барлық науқас жандарға тегін медициналық көмек көрсетіледі. Сол үшін жыл сайын мемлекеттің бюджетінен 160 млрд теңге бөлінеді екен. Ал, Александр ауруханадан шыққан соң қайда барарын әзірге білмейді.