Алматыда дәрігерлер би биледі


Таңмен таласа тұрып жаттығу жасағандар қатарында қалалық аурухананың бас дәрігерлері мен жас қызметкерлері, сондай-ақ медицина университетінің студенттері де бар. Ақ халаттылар осындай іс-әрекеті арқылы алматылықтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Бір сағатқа созылған жаттығудан кейін дәрігерлер күнделікті жұмысына кірісті. Айта кетейік, елімізде медицина қызметкерлерінің күні маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтеді.