Алматыда дәрігерлер тегін ем-дом көрсетіп, пайдалы кеңестерімен бөлісті

Сондай-ақ мұнда жүрек дәрігерінен басқа терапевт, көз, лор, хирург сынды мамандар да халық үшін қызмет етті. Орталық дәрігерлері әр науқасқа аурудан, оның салдарынан құтылудың жолын көрсетті, кеңес берді. Қан қысымына шағымданған жандар үшін тегін рентген де ұйымдастырылыпты. Бұндай шаралар медициналық орталығының клиникалық ауруханасында жиі өткізіліп тұрады екен. Айта кету керек, қазір орталықта көрсетілетін барлық қызмет бағасы да біршама төмендетілген.


Әмір Ахметов, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігері :

- Біздің ауруханада тек алматылықтар емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келген әр науқас емделе алады. Кейбір сала бойынша ақылы да болуы мүмкін. Бірақ, орталық клиникалық ауруханада сізге тек сапалы жедел жәрдем көрсететінін ұмытпаған абзал.