Әуесқойлар тобының халықаралық жарысы саналатын бұл додаға биылғы жылы жас гольфшілердің рекордты саны қатыспақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар 2016 жылы гольф бойынша Қазақстанның олимпиадалық құрама командасының құрамына кіреді деген үміт бар. Олай деулеріне себеп, 2009 жылы қазан айының 9-ы күні Копенгагенде Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) 2016 және 2020 жылдары өтетін Олимпиадалық ойындар бағдарламасына спорттың жаңа түрін - гольфты қосатыны жайлы шешім қабылдаған болатын.
Сонымен қатар, биыл да дәстүрлі түрде өз елімізбен қатар, Ресей, Еуроодақ елдері, Ұлыбритания, АҚШ, Корея, Жапония және тағы да басқа елдердің спортшылары қатысады деп күтілуде.
2007 жылдан бері Seimar Open өзгеше мәртебеге ие болды, бүгінде ол European Challenge Tour негізінде өткізілетін "Kazakhstan Open" атты кәсіби гольф турнирінің іріктеу кезеңі болып табылады. Сонымен қатар, турнир жеңіскері (Қазақстан азаматы) беделді спорттық жарыста біздің еліміздің атынан қатысу мүмкіндігіне ие болады. Өткен жылы осындай құқыққа Еркебұлан Башіков және Әділ Мұхамеджанов ие болған еді.
Қазақстанның Seimar Open атты гольф чемпионаты - республикалық көлемдегі спорттық жарыс. Бұл чемпионаттың тарихы 1998 жылдан басталды. Осы жылдар ішінде турнирге әуесқойлар мен кәсібилер көптеп келіп, Қазақстан, Ресей, Корея, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания және т.б. елдерден 800-ден астам спортшы қатысты.
Бүгінде спорттың бұл түріне қызығушылық едәуір жоғары және жылдам қарқынмен өсіп, гольфтың аумақтық мектептері дамып келе жатыр. Тек қана Алматыда бұл спорттың түрімен жастары 3-тен 18-ге дейінгі 300-дей бала мен жасөспірім шұғылданып жатыр, ал «Nurtau» гольф-акдемиясында олардың көбісінің тегін айналысуға мүмкіндігі бар. Бүгінгі күні Seimar Open турнирі халықаралық бедел алу үшін күрескен дарынды жас спортшылардың болашақ мәре алаңы болып табылады.