Мерекенің ашылуы 20.00-де болды. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қалалықтар мен қала қонақтарына "XXI ғасыр" дендропаркінің жанында сәлем берді.
"Сол уақытта қаланың барлық субұрқақтары жұмыс істей бастады. А. Есімов дендропарктен кейін де бірнеше субұрқақтарға барып қайтты. Осы кеште ол алматылықтарға қаланың гүлдене беруін, барлық жерде субұрқақтар атқылап, жаздың жылы болуын тіледі", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қаланың жұмысқа кіріскен субұрқақтарының жанында сондай-ақ, Қазақстанның эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік бағдарлама болып өтті.