Таңат Мұсаев, автобус жүргізушісі:
- Халыққа жария қылып, наразылыққа шықанымыз үшін жұмыстан қуып отыр.
Жүргізушілерін автопарктің сыртынан ғана қайтарған мекеме басшылығы бүгін «Оңайға» қарсы адамдарына қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Енді олар үлкен шуға себеп болғандардан құтылыпты. Айта кетсек, кеше бір топ автобус жүргізушісі электрондық төлемге наразылық білдірген еді. Олар 23 автобусты жол бойына тізіп қойып, ескі жүйені қайтаруды талап етті. Енді, «Оңайға» қарсы шығамын деп оңбай отыр. Ал, жұмыссыз қалған 8 адаммен қатар №65 бағыттағы автобустың өзге жүргізушілері де жұмыстан кетеміз деп бекінген.
Дәулетхан Көшербаев, автобус жүргізушісі:
- Біріміз бәріміз үшін дейді ғой. Мына кісілер шықпаса біз де жұмысқа шықпаймыз деген әңгіме болып жатыр.
Loading...