«Дегдар» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Абай атындағы опера және балет театрында өткен ән кешіне мәдениет қайраткерi, пианист Тимур Орманшаев бастаған опера саңлақтары қатысты. Олардың қатарында Азамат Жылтыркөзов, Мейір Бәйнеш, Александр Трегубенко және басқа да әншілер бар. 2011 жылы басталған жоба аясында өнерпаздар бүгінге дейін еліміздің 30 қаласын аралап үлгерген. Ардагерлерімізге тегін концерт өткізуден бөлек, олардың үйлеріне азық-түлік жеткізілуде.
Нұргүл Сүлейменова, жобаны ұйымдастырушы:
-Бұл концерттерге классикалық өнер жұлдыздары қатысты. Сол кісілер барған қалаларында музыкалық колледж студенттеріне мастер-кластар өткізді. Бұл – жобаның тағы бір мақсаты.
Loading...