Алматыда "дельта-штамм" жұқтырушылар легі күрт артты

Алматыда "дельта штамм" инфекциясы деңгейінің күрт артқаны тіркелді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы  zakon.kz.-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлімдеді.

Қалада соңғы 10-14 күн ішінде инфекция деңгейінің "көлденеңінен" көтерілуі байқалды. Егер басында "дельта штамм" жалпы ауру жұқтырылғандардың 23% -ын қамтыса, бүгінде бұл көрсеткіш 78% құрайды. Егер басында тәулігіне 144 ауру жұқтыру дерегі тіркелсе, бүгінде ол 305-ке жеткен. Бүгінгі күндері ауру жұқтырғандардың көпшілігі белгісі барлар, ал симптомы білінбейтіндер небәрі 23 адам, - деді ол.

Әкім орынбасары қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтарды вакциналауға шақыру маңызды екенін де баса айтты.


Әйтпесе, Алматыда инфекцияны жаппай жұқтыру ауқымы өте қиын жағдайға апарып соқтырады, - деді Ержан Бабақұмаров.