Caravan Logo

Алматыда донер дүңгіршегі өртке оранып, 35 адам эвакуацияланды

Алматыда донер дүңгіршегі өртке оранып, 35 адам эвакуацияланды

Бұл туралы қаланың ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова мәлімдеді.

«11.08.13 ж. Алматы қ. ТЖД «101» пультіне Алмалы ауданы Төле би көшесі, 64-үйдегі дәмханада жалын тұтанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта сағат 00.50-де жетті», - деді Сандуғаш Баймұхамбетова.

 «Master Doner»  дәмханасының ас үйінде төбе жамылғысы өртенгені анықталды. Тілсіз жау сағат 01.00-де оқшауланып, 01.10-да ауыздықталды. 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт алаңы 8 шаршы метрді құрады, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.