Алматыда допты хоккейден 32-Әлем чемпионатының жоғарғы тобындағы командалардың ақтық ойындары өтіп жатыр

Олар бұл жолы өткен жылғы Әлем чемпионы саналатын ресейліктерге 6:8 есебімен есе жіберді. Алғашқы 4 матчтың қорытындысы бойынша қазір «А» тобында 8 ұпаймен Швеция мен Ресей спортшылары көш бастап келе жатыр. Одан кейінгі орында қоржындарында төрт-төрттен ұпайы бар Қазақстан мен Финляндия құрамалары келе жатыр. Ал Норвегия мен АҚШ командаларының қоржыны әзірге бос. Бүгін топтық кезеңнің ақырғы 5-матчында АҚШ пен Норвегия, Қазақстан мен Финляндия, Швеция мен Ресей өзара күш сынасады.

Бұған дейін финдер орыстарға 4:5, шведтерге 0:12 есебімен ұтылып, американдықтарды 7:1, норвегтерді 7:2 етіп ұтқан еді. Қазақстандықтар болса шведтерге 1:9 болып есе жібергенімен, американдықтарды 13:3, норвегтерді 10:1 етіп жеңген болатын.