Алматыда досымен кездесуге кеткен заңгердің денесі Сайран көлінен табылды

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. 

28 жастағы Нұрлан Тұрлығожаның қандай жағдайда көз жұмғанынын анықтау үшін, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетсек, НұрланТұрлығожа 18 маусымда досымен кездесу үшін Сайранға кеткен.

Ол кешкі сағат 17:00 шамасында суға батып кетіпті. Сол жерде болған куәгерлердің сөзінше, ол батып бара жатқан кезде жанында болған достары көмектеспей, қашып кеткен. Ендігі жақындары оның достары қас болып шыққаны ма деп күдіктеніп отыр.