Алматыда дүкен сатушысына жасалған қарақшылық шабуыл ізі суымай ашылды

Алматы қаласының Түріксіб ауданында орналасқан "Айна" дүкенінің сатушысына жасалған шабуыл туралы ақпарат шұғыл басқарманың кезекшілік орталығына таңертең ерте келіп түскен. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз екі жігіт дүкенге басып кіріп, сатушының бетін жарақаттайтын тапаншамен атып, кассадағы ақшаны алып кеткен.

"Оқиға орнына қатарынан екі "Боран" автопатрулі келген. Күдіктілердің сипаттамасын алған полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық аумақты түгел тінтіп шыққан. Дүкеннен алыс емес жерде күдіктінің екеуі де қамауға алынды", - деп хабарлады Түрксіб аудандық ІІБ бастығы полиция полковнигі Нұрлан Мошкалов.