Caravan Logo

Алматыда дүкен шатыры өртенді

Алматыда дүкен шатыры өртенді


Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады. 

Оның айтуынша, өрт туралы хабарлама түнгі сағат 1:55-те түскен. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жарты сағатта ауыздықтаған. Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты жарамсыз етті. 
Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.