Алматыда дүлей дауыл бюджетті шығынға батырды

Мұнда желдің жалпы жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен. Салдарынан  кей жерлерде топырақ көтеріліп, құйын соқты. Дүлей дауыл соңы нөсер жауынға ұласты. Зардап шеккен адам жоқ. Дегенмен, бүлінген мүлік жетерлік. Электр сымдары үзіліп, бағаналар, ағаштар құлаған. Шатыры жұлынған ғимараттар да бар. Шығын көлемін мамандар есептеп жатыр. 

Loading...