Алматыда дүкенде өрт болып, 4 бала құтқарылды

Таңертең Наурызбай ауданында Сәкен Жүнісов көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен сөрелері өртенген.

ТЖМ күштерімен баспалдақ маршымен үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланып, құтқару қалпақтары арқылы 4 бала құтқарылды. 60-қа жуық тұрғын өздері көшеге шықты.

Кәсіби өртсөндірушілер өртті дер кезінде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.