Дж. Вердидің "Бал-маскарад" операсы - композитордың үздік шығармаларының бірі. Либреттоның негізіне 1772 жылы Швед королі Густав III-тің өлтiрілуі туралы тарихи оқиға алынады. Бұл премьера классикалық өнер сүйер қауымға тағы бiр сыйлық болып, театрдың көрермендерiн қойылу әсерлiлігімен және әртістердің кәсiби орындауымен қуантады.
Бас дирижері, музыкалық жетекшісі - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жарасов; Қоюшы-режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ләйлім Иманғазина; Қоюшы-суретші - Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Вячеслав Окунев; Көркемдік жетекшісі - Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Базарғали Жаманбаев; Бас хормейстері - Әлия Темірбекова; Бас балетмейстері - КСРО халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Рамазан Бапов. Басты партияларда: Жәмиля Баспақова, Дина Хамзина, Сара Ищанова, Кирилл Борчанинов, Дина Дүтмағамбетова, Балапан Жұбаева, Бейімбет Қожабаев, Халид Нұралиев, Медет Шотабаев, Талғат Күзембаев, Александр Сметанин, Олег Татамиров және басқалар өнер көрсетеді.