Алматыда джип бірнеше рет аударылып, дүкенге кіріп кетті

Куәгерлердің айтуынша, Тілендиев көшесімен төмен бағытта Қарасай көшесімен шығысқа бара жатқан Mitsubishi Pajero көлігін Toyota Ipsum соққан.

Салдарынан Mitsubishi Pajero бірнеше рет аударылып барып, құрылыс материалдары дүкенін қиратып бір-ақ тоқтаған.

Дәрігерлер жапа шеккен жүргізушіге медициналық көмек көрсетті.