Алтын медальға Гүлжан Иссанова (+78 кг), Наурызбек Майлашев (66 кг-ға дейін) және Ислам Бозбаев (81 кг-ға дейін) қол жеткізді. Асхат Тельманов (60 кг-ға дейін), Ринат Ибрагимов (73 кг-ға дейін) күміс алды. Келбет Нұрғазина (52 кг), Ғалия Елментаева (78 кг), Сергей Лим (66 кг-ға дейін), Ержан Шынкеев (+100 кг) және Эльдар Зарипханов (73 кг-ға дейін) қоланы қанағат тұтты.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орын алды. Екінші орын Испания дзюдошыларының үлесінде кетті (2 алтын, 1 күміс, 3 қола). Үздіктер үштігін Өзбекстан құрамасы қорытындылады (1 алтын, 4 күміс, 3 қола).
«Қазақстанның ерлер құрамасы бұл жарыста орташадан жоғары деңгейде өнер көрсетті. Жігіттер бұдан да жоғары нәтиже көрсете алады деп есептеймін. Әлем чемпионы Максим Раков алған жарақатына байланысты әлем кубогына қатыса алмады. Жалпы, Лондондағы Олимпиадаға дейін жұмыс әлі көп», - дейді дзюдодан Қазақстанның ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Асхат Житкеев.
Дзюдодан әлем кубогына 34 елден 259 спортшы қатысты. Олардың арасында Еуропа, Азимя чемпиондары. әлем кубоктарының жеңімпаздары болды.
Қазақстан құрамасының құрамында 14 салмақ дәрежесінде 28 ер мен 28 әйел спортшы өнер көрсетті.