Конференцияны ҚР білім және ғылым министрлігінің ғарыштық зерттеулер институты математика мен компьютерді модельдеу саласында пайдалану жөніндегі халықаралық Қауымдастығымен (IMACS) бірлесіп ұйымдастырды.
Конференцияға Жапония, Бельгия, Чехия Республикасы, Украина, Тайвань, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстан мен басқа да ТМД елдерінен 500-ден астам өкіл қатысуда.
Бас қосуда геоақпараттық модельдеу, аридті аймақта жер және су ресурстарын қашықтан зонд жүргізу тәсілімен тиімді пайдалану проблемелары жөніндегі қазіргі заманғы зерттеу жұмыстары талқылануда.
Сондай-ақ, Ө.Сұлтанғазиннің хабарлауынша, конференциядағы бірнеше баяндама адам ресурстарын дамытудың демографиялық моделін жасау, экологиялық - экономикалық жүйенің тұрақты дамуы үшін математикалық және ақпараттық қамтамасыз ету мәселесіне арналған.
Ө.Сұлтанғазиннің айтуынша, конференцияға барлығы 137 баяндама келтіріліпті. Бас қосу жұмысы 12-қыркүйекте аяқталады.