Алматыда эксклюзивті жәдігерлер қойылған ерекше көрме өтті

Алматы обылысындағы «Таңбалы тас» қорық-мұражайында аспан астында сақталып келе жатқан 5 мыңнан астам петроглиф суреттер бар. Мына көрмеге солардың фотосуреттері мен ежелгі дәуірден жеткен кейбір тастар мен бұйымдардың түпнұсқасы әкелініп отыр. Бұлар бір кездері ежелгі дәуір адамдары үшін тұрмыс құралдары ретінде қолданылған. Бұйымдардың көбі жерленген адамдардың қабірінен табылған. Көрмедегі экспонаттардың арасында әйгілі Жамбыл ақынның домбырасы да бар. Сондай-ақ, бұрынғы батырлардың бес қаруы да қойылған.    

Loading...