Алматыда электр жалғастыру желісі үзілу салдарынан 60-тай үй жарықсыз қалды

Мекеме ақпаратына сәйкес, Медеу ауданындағы Горный Гигант ауылында Жуков және Шукшин көшелерінің қиылысында 18-наурызда 8 сағатта ағаш құлау салдарынан 0,4 кВт-тық электр жалғастыру желісі үзілді. Оқыс оқиға салдарынан 60-тай үй жарықсыз қалды.

16 сағаттағы жағдаймен электр қамтасыздығы қалпына келтірілді, төтенше жағдайды жоюға бес адамнан құралған апаттық топ тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті