Алматыда электронды казино қожайыны сотталды (видео)

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Ол "X.O. CLUB" деп аталатын ойын-сауық мекемесін ашқан. Сол жерде электронды казино ұйымдастырып, 25 миллион теңге көлемінде пайда тапқан", - делінген ресми хабарламада.

Тінту кезінде заңсыз ойын қосымшалары жүктелген 46 компьютер тәркіленді. Сол арқылы ақша қабылданып, ұтыстар аударылып отырған.