Алматыда элиталы аудандардың бірі саналатын «Алмагүлде» шу шықты


Бірақ бұл наразылық шарасына тәртіп сақшыларынан басқа ешкім назар аудара қойған жоқ. Айта кету керек, дау туғызған 400 шаршы метр аула ішін «МК Инженирик» серіктестігі сатып алыпты. Олар мұнда көпқабатты ғимарат тұрғызбақшы екен. Құрылысқа қарсылық білдіріп, нәтиже шығара алмаған тұрғындар енді қайда барып шағымданарын білмей дал.