Алматыда ЭСКАТО 63-ші сессиясы аяқталды (толықтырылған нұсқа)

"Мен форумның Орталық Азия мен жалпы аймақтың бір-біріне берері төңірегіндегі түсініктің айтарлықтай кеңеюіне септігін тигізгеніне сенемін",- деп мәлім етті отырысқа қатысушыларға арнап сөйлеген қорытынды сөзінде БҰҰ бас хатшысының орынбасары - ЭСКАТО атқарушы хатшысы Ким Хак Су.

Ким Хак Су сондай-ақ комиссиядан кететіндігін хабарлады. "Мен жеті жылға созылған жұмыстан кейін осы қызметтің маған ЭСКАТО-ға мүше елдерге пайда әкелу мүмкіндігін бергенін өзіме деген үлкен құрмет деп санаймын",- деді ол. "Өзім комиссияның атқарушы хатшысы ретінде жүзеге асыруға атсалысқан реформалардың бағдарламасы елеулі дивидендтер әкелді деген үміттемін",- деді ол.

"Мен Қазақстанға өткізу құрметі берілген комиссияның 63-ші сессиясының мұндай ерекше және жемісті болғандығына өте ризамын",- деп атап өтті өзінің қорытынды сөзінде ҚР СІМ Марат Тәжин.

"Біз аймақ үшін айрықша алаңдаушылық тудырып отырған бірқатар мәселелердің топтамасын, соның ішінде Мыңжылдық даму мақсаттарынан бастап денсаулық сақтау мәселелерін Азия және Тынық мұхиты бизнес-форумы мен экономикалық өсіммен сабақтастыра отырып жан-жақты белсенді талқыладық. Оған арнайы шаралардың өте қызықты бағдарламасы азды-көпті деңгейде септігін тигізді",- деп атап өтті ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) кезекті 64- сессиясы 2008-жылдың көктемінде Бангкокте өтеді және "Азия-Тынық мұхиты аймағындағы энергетикалық қауіпсіздік және тұрақты даму" тақырыбына арналады.

"Мен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының 64-ші сессияның басты тақырыбы ретінде "инновациялар мен бәсекелестік қабілеттілік" элементтерін қоса "Азия-Тынық мұхиты аймағындағы энергетикалық қауіпсіздік және тұрақты даму" тақырыбын бекіту туралы шешімді құптаймын",- деп қорытындылады Ким Хак Су.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті