Алматыда екі адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша қолға түскен күдіктіге аса ауыр қатыгездікпен жасалған өлім қылмысы бойынша айып тағылуда. Осы жылдың қаңтар айының соңында ол Розыбакиев көшесінде бір үйде тұрған өзінің танысы мен қарт шешесін өлтірген.

"Құрықталған адам пәтер иесімен таныс болған, сондықтан әйел оның шын пәйілінің қандай екенін білмеген. Ер адам кішкентай балтамен өзінің танысын басынан соғып мерт қылған, сосын екінші бөлмеге кіріп көзі көрмейтін шешесін ұрып өлтірген", -деді Алматы ІІД криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Иманғали Мәкішев.

Оның сөздері бойынша, шешесі мен апасының өлі денелерін 16 жасар жасөспірім тапқан. Ол қылмыскердің кім екенін анықтауға көмектескен. Жасөспірім өзінің шешесінің барлық тамыр-таныстары мен олардың мекен-жайлары жөнінде барлық мәліметтерді полиция қызметкерлеріне айтқан. Олардың бәрі бұл қылмысқа қатысы бары тексерілді.

"Өлтірілген әйелдің ұлы үйден жоғалған заттарды түгенделді. Ақша, алтын зергерлік бұйымдар және бірнеше ұялы телефондар орындарында болмай шықты. Біздің қызметкерлер ұрланған заттардың сатылатын жерлеріне барып, ұрланған заттарды сатпақшы болып іздеуде жүрген азаматты анықтаған", -деп түсіндірді И. Мәкішев.

Қолға түскен ер адам жасаған қылмыстарын мойындап, танысында ірі көлемде ақша болғанын сезген. Бірақ оны өлтіргеннен кейін, ол көзі көрмейтін қарт әйелді өлтіру ниетінің болмағанын айтты Алайда, әйел өзінің шешесіне кімнің келгенін айтып қойған болатын, сондықтан тірі кәугерді қалдыру ол үшін қауіпті болған.

Қазіргі таңда қолға түскен күдікті тергеу қапасына тоғытылды. Алматы Алмалы ауданының АІІД ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.