Алматыда екі автобус пен Toyota соқтығысты: 9 адам ауруханаға түсті

Алматының "Ақбұлақ" шағын ауданында жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, №25 автобус солтүстік бағытта Шәріпова көшесімен келе жатқан, жолдың тайғақтығынан болса керек, бұрылысқа келгенде жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Автобус қарсы жолаққа шығып кетіп, №102 автобусымен соқтығысқан.  

Біраз уақыттан кейін солтүстік бағытта Шәріпова көшесімен келе жатқан Toyota Camry №25 автобусының артқы бөлігінен соққан. 

№25 автобусының жүргізушісі салонға қысылып қалған, оны ТЖ департаментінің қызметкерлері шығарып алды.    

Соңғы мәлімет бойынша, жол апатынан тоғыз адам жараланып, ауруханаға жетізілген.  


Жол полициясының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.