Алматыда екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан біреуі жарылып кетті; үш адам қаза тапты

Апат өткен жұмада Құлжа тас жолының бойында болған. Маяк ауылына таяу жерде "ВАЗ-21099" және "Мерседес" көліктері соқтығысып, соңғысы жарылып кеткен.

Апат салдарынан екі жүргізуші мен "Жигули" көлігінің жолаушысы қаза тапты. Олардың бәрі де 20 - 25 жас аралығындағы жас жігіттер. "Қаза тапқандардың аты-жөні анықталып жатыр", - деп нақтылайды Құтқару қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті