Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам қаза тапты

Солтүстік айналма жолында солтүстік бағытта келе жатқан Toyota Corolla автокөлігі белгісіз себептермен жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Huyndai Accent көлігімен бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты салдарынан 24 жастағы Toyota Corolla жүргізушісі жедел жәрдем келгенше қаза тапты. Түрлі жарақат алған Huyndai Accent жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. 


Жол апаты орнында қазір полицейлер жұмыс істеп жатыр.