Алматыда екі көлік соқтығысып, үш бала ауруханаға түсті

Олар көлікте арнайы автоорындықтарсыз отырған, деп хабарлайды Baq.kz.

Жол апатынан жапа шеккен балалардың барлығы он жастан аспаған. Анықталғандай, олар отырған көлікте арнайы автоорындықтар болмаған. Қос көлікті де әйел айдаған.

Куәгерлердің айтуынша, Тoyota RAV 4 рөлінде отырған әйел «Жол бер» белгісін елемей, маневр жасаған Toyota Fortuner көлігін өткізбей қойған. Салдарынан екі көлік соқтығысып, іштегі жолаушылар жапа шекті. Жарақат алған үш бала ауруханаға жеткізілді, деп жазады informburo.kz.