Алматыда 12 сәуірде №12 ауруханада COVID-19 вирусын жұқтырған 15 медицина маманы анықталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Skifnews.kz-ға сілтеме жасап.
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Жалпы, екі күннің ішінде бір ауруханадан вирусты 27 медицина қызметкері жұқтырғаны тіркелді. Олардың қатарында дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкері және тағы басқа мамандар бар.
Полисегментарлық пневмонияға байланысты екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланса, тағы біреуі жүкті болған. Қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда.