"Шіркеулерді қиратуға "снос" қана сылтау болып отыр. "Ал Сайран көлінің маңында орналасқан "Богоявленский" деп аталатын шіркеуге тиесілі жер тұрғын үй қор аумағынан шығарылған, шіркеу салу мен оны пайдалануға рұқсат алынып тіркелген", деп түсіндірді ол. Оның айтуынша, "ал "Всех скорбящих Радость" шіркеуінің екінші ғимараты тарих пен мәдениет ескерткіші болып табылады". Діндар "бұл деректердің өзі "Қуат" құрылыс компаниясын тоқтатпай отырғандығын", атап өтті.
Оның пайымдауынша, "Қуат" компаниясы мен "Алматыжер" МКК өз функцияларына кірмейтіндігін ұмытып, конфессияаралық қатынастар саясатын айқындауға тырысып бағуда. "Епрахия атынан қалалық әкімшілікке шіркеулерді сақтап қалуды өтінген хат жолданғаннан кейін, "Алматыжер" бізге ... шіркеуді көңіл көтеру нысандарымен қатар орналастыру бірінші кезекте діндарлардың мүдделеріне қайшы деген жауап берді",- деп атап өтті А. Литовка. Оның пікірінше, "мұндай жайтты діндарлардың өздері айқындауға тиіс". "Тіптен, осы тектес мәселелермен айналысатын діни істер жөніндегі комитет сияқты өкілетті ресми органдар да бар ғой",- деп атап өтті ол.
"Аталмыш жерге құрылыс салудың негізінде тек материалдық қызығушылық қана жатыр, бұл баршасына түсінікті деп ойлаймын. Қолға есептегішті алып, бұл аумақта көп қабатты қанша үй салынатындығын және олардың қанша шаршы метрді қамтитындығын есептеп, осының барлығын бір шаршы метрдің құнына көбейту керек",- деп атап өтті А. Литовка.
"Всем скорбящим радость" шіркеуінің дінбасы, протоиерей Евгений Воровьев өз кезегінде, "тіптен егер құрылыс салушылар ақшалай өтемақы ұсынса да, оны ешкім қабылдамайды", деп атап өтті.
"Қала басшылығы Қазақстандағы діндарлар үшін туындауы мүмкін бұл трагедиядан хабарсыз, дегенге сенгіміз келеді. Біз биліктің саналы шешімінен үміттенеміз",- деп қосты Астана және Алматы епархиясының хатшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті