Алматыда екі рет жер сілкінісі тіркелді


Алматы уақытымен 11 сағат 41 минут 39 секундта жел сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан оңтүстікке қарай 349 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 9.5. Тербелісі - MPV 4.0. Тереңдігі - 5 шақырым.

Сондай-ақ бұған дейін Алматы уақытымен бүгін 11 сағат 03 минут 37 секундта жел сілкінісі тіркелген.
Жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 349 шақырым қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан. Оның энергетикалық класы 10.7 құрады. Тербелісі - MPV 5.0. Тереңдігі - 150 шақырым.
Жер сілкіністерінің сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.