Алматыда екі жол апатынан екі адам қаза тапты

Әуезов ауданында 17 наурыз күні 7 сағат 54 минутта №65 ( "Хундай") бағытты автобустың жүргізушісі бір әйелді қағып кету салдарынан әйел оқыс оқиға орнында жан тапсырды.

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, Жетісу ауданында 18 наурыз күні 4 сағат 07 минутта "Фольксваген" автокөлігі бөгетке соқтығысып, одан кейін жыраға шығып кетті. Жүргізуші жарақат салдарынан оқиға орнында қаза тапты.