Райымбек даңғылында 6 сағат 27 минутта "Фольксваген-Гольф" автокөлігінің жүргізушісі көлігінің тізгініне ие бола алмай, бағанға соғылды. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырып, үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Екінші апат Достық даңғылы мен Шевченко көшесінің қиылысында 8 сағат 27 минутта болды. Автокөлік жүргізушісі 6 жастағы баланы қағып кетті. Бала жедел жәрдем көлігі жеткенше қайтыс болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті