Алматыда екінші орман өнеркәсібі форумы ашылды

Форум аясында ТМД елдері орман өнеркәсібі қызметкерлері мен жиҺаз жасаушылардың ІІІ ассамблеясы, сондай-ақ, орман, ағаш өңдеу және жиҺаз өнеркәсібі өкілдерінің Ү құрылтайы өтеді.

Форум екі күнге созылады. Шараны ҚР индустрия және сауда министтрлігі, ҚР ауылшаруашылығы министрлігі, Алматық қалалық әкімшілігі мен Қазақстанның ағаш өңдеу және жиҺаз жасау өнеркәсібі Қауымдастығы бірлесе ұйымдастырып отыр.
Бүгінде Қазақстандағы орман алқаптары 11 млн. шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл орманға бай Беларусь еліндегі аумақтан да үлкен.
Қазақстанның орман, ағаш өңдеу және жиҺаз өнеркәсіптері бойынша экспорттық әлеуеті 5 млрд. долларға бағаланады. Соған қарамастан қазір республика контрабандалық жолмен шығарылатын өнімдерді қоса ескергенде 200 мың доллардың өнімдерін экспортқа шығаруда.