Алматыда Елбасының алғашқы инаугурациясы құрметіне ескерткіш тақта ашылды


Алматыда бейсенбі күні Республика Сарайының алдында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы инаугурациясы өткен жерде ескерткіш тақта салтанатты түрде ашылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты. Әкім сөйлеген сөзінде қаланың жеті көшесінің атауы өзгергендігін мәлімдеді. Айта өтсек, атауы өзгертілетін көшелер: Медеу ауданындағы Жамбыл Жабаев көшесі – Роза Бағланова көшесі болады, Алатау ауданы Абай көшесі – Әзербайжан Мәмбетов көшесі, Наурызбай ауданы М. Әуезов көшесі – Байкен Әшімов көшесі, 8-желі көшесі – Ербол Сыпатаев көшесі, Бостандық ауданындағы аты жоқ көшеге Тоқмұхамед Садықовтың есімі беріледі, Алмалы ауданы Мирзоян көшесінің атауы Шафик Чокин көшесі болып өзгертіледі.