Алматыда ең үлкен лағман әзірленбек


Отыз аспаз дәстүрлі ұйғыр мәзірі бойынша 500 кг астам лағман (шамамен 1500 порция) әзірлейді. Бұл туралы бүгін «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекеме таратқан ақпаратта мәлімделген.
Іс-шара 1 мамыр күні Ұйғыр музыкалық драма және комедия театрының саябағында ҚХА жылы шеңберінде Қазақстан халқы ассамблеясының ұйытқы болуымен өтеді.
Қазақ Георграфиялық Қоғамның кезекті рекордын орнату үшін шараға Гиннес кітабының судьялары қатысады.