Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара қаланың тазалығын арттырып, тұрғын-үй коммуналдық саладағы жұмысшылардың еңбегін ынталандыруға бағытталған.
Бұл атаққа қаланың 7 ауданынан 7 үміткер іріктеліп алынады. Бірінші орынға ие болған тазалық жаршысы - 200 мың теңге, екінші орын иесі - 150 мың теңге, үшінші орын иесі 100 мың теңге алады.
Байқауға өзіне бекітілген аймақты мұнтаздай таза ұстаған кез-келген аула сыпырушы қатыса алады. Биыл жеңімпаздарды марапаттау шарасы қала күні қарсаңында, яғни қыркүйек айында өтпек.