Алматыда ер адам қызғаныштан әйелді өлтіріп тастаған

Қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы. 

Бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген полиция таратқан хабарламада.

ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.