Caravan Logo

Алматыда ер адамды белгісіз біреулер сабап кеткен

Алматыда ер адамды белгісіз біреулер сабап кеткен

Оқиға қалалық №5 аурухана маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адамдар жолға таласып қалған.


Куәгерлер жолдаған сурет

"13.40-та шақырту түсті. Жедел жәрдем бес минут өткенде Заводская, 40 мекенжайына барды. Ол жақта соққыға жығылған ер адам көлігінде отырды", - деп хабарлады дәрігерлер.

Зардап шеккен азамат түрлі жарақатымен жетінші ауруханаға жеткізілді.