Алматыда ерекше сурет көрмесі өтеді

Оны әртүрлі елдердің суретшілері мен «Архитектура» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Екі аптаға созылатын бұл шара кезінде суретшілер жұртшылық назарына аталмыш тақырыптағы өз жұмыстарын ұсынады. Көзқарастары мен өзіндік ой-пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасады. Онда сондай-ақ, шанхайлық фотограф Танг Уеннің (Tang Wen) фотокөрмесі мен қонақтар үшін кәдесыйлар дүңгіршегі жұмыс істейді.

Автор: Ерлік Ержанұлы
Басты сөздер: Алматы , Мәдениет