Алматыда ережесіз жекпе-жектен «Alash Pride» командасы әлем құрамасымен халықаралық матч өткізді

Бұл спорт додасындағы басты кездесу Александр Емельяненко мен Төлеген Ақылбеков арасындағы жекпе-жек болды. Онда 29 жастағы жамбылдық еркін күрес, джиу-джитсу мен самбо шебері әйгілі қарсыласын әбден састырды. Бұған дейін қарсыластарын тік жүріп жеңуді әдетке айналдырған ресейлік спортшы ауырту тәсілімен ғана масқара жеңілістен құтылды.

Т. Ақылбеков бұған ережесіз жекпе-жекте 16 кездесу өткізіп, оның екеуінде ғана жеңілістің ащы дәмін татқан еді. Оның спорттық мансабындағы ең жоғары нәтижесі 2005 жылғы ISCP тұжырымы бойынша ережесіз жекпе-жектен Сеулде Әлем чемпионатының жүлдегері, ал Астманада WKF тұжырымы бойынша панкратионнан Еуразия чемпионы атануы болды. Бұл кездесу Төлегенге өз мүмкіндігін көрсетуге жол ашты.

Ережесіз жепе-жектің ProFC нұсқасы бойынша бұрынғы Әлем чемпионы, әскери самбодан Еуропа чемпионы, самбо мен дзюдодан Ресей чемпионы саналатын Александр Емельяненко бұған дейін ережесіз жекпе-жектен 23 кездесу өткізіп, тек оның бесеуінде ғана жеңіліс тапқан еді. 12-қарашада Магомед Маликовқа нокаутпен, ал 2010 жылы 18-желтоқсанда Питер Грэхемге техникалық нокаутпен есе жіберген Алесандр бұл жеңіліс сериясын тоқтатуға қолы жетті.