Алматыда ерлі-зайыпты театр әртістерінің өлі денесі табылды

Бүгін Алматы облысында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жасөспірімдер және балалар театрының ұжымы Мұхитдин Шынтаев пен Гаухар Шарипованы ақтық сапарға шығарып салып жатыр.

Қайғылы жағдай өзара дау-жанжалдан шығуы мүмкін. Алдымен ері әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салуы мүмкін дейді.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өнерлі жұптың артында 2 баласы қалған.

ҚР «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Шынтаев Мұхитдин Сламақынұлы қазақстандықтарға «Жедел жәрдем-2» сериалы арқылы таныс.