Алматыда есірткі сақтағаны үшін Украина азаматы ұсталды

Полицияның ақпаратына сәйкес, күдіктіні Алматы қалалық ІІББ-ның есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері тұтқындады. Бір кило героин оның қол сөмкесінен шыққан.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, ІІББ-ның қылмыстық полициясы мен көліктегі желілік ішкі істер басқармасының қызметкерлері Алматы-1 темір жол бекетінде Қарағанды тұрғынын ұстады. Одан тау-кен жұмыстарында пайдаланылатын жарылғыш зат - аммониттің 20 килосы тәркіленді.