Алматыда есірткімен күрес күніне орай тау велоспортынан жарыс өтті

«Шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастырып, қоғам назарын есірткімен күрес мәселесіне аудартып, АҚТҚ, ЖҚТБ індетінің зардабы мен оның тарау жолы жайында кеңірек мағлұмат беру», дейді Республикалық ЖҚТБ мен күрес орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Ирэн Сукнидзе.

Қазіргі күні елімізде 14658 адам АҚТҚ бойынша тіркелсе, олардың басым бөлігі жастар екен. Мамандардың айтуынша бұл індетке көбінде есірткіге әуес жандар мен жеңіл жүрісті адамдар көптеп шалдығады.

Аталмыш шараға жалпы 1000-ға жуық жастар қатысып, еріктілер жұртшылыққа ЖҚТБ мен АҚТҚ дерттері жайында жазылған кітапшаларды таратты.