Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры директорының орынбасары Ғалым Қожамбір мемлекет халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастардың спорт пен дене шынықтыру мәдениетіне дағдылануына көп көңіл бөліп отырғандығын айтады. «Бүгінгі шараның мақсаты - алда келе жатқан «азиада-2011» 7-ші Қысқы Азия ойындарын насихаттай отырып, жастарды дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылдануға шақыру. Сонымен қатар биыл студент қатарына қабылданған жастардың бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайту», дейді Ғ. Қожамбір.
Аталмыш турнирде қаладағы жоғары оқу орындары студенттерінен жиналған 10 команда бақтарын сынауда. Жеңімпаздар мен жүлдегерлдерге кубоктар, естелік сыйлықтар және марапаттау қағаздары табысталады.
Турнирді Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және «даму Қазақстан-2030» Қоғамдық қоры ұйымдастыруда.