Алматыда Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы жанындағы көлік тарифтері жөніндегі комиссияның мәжілісі өтуде

Мәжіліс барысында 2006 жылдың 19 мамырында қабылданған "Темір жол тарифтерін қалыптастыру мен принциптері" және "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің темір жол станциялары арасындағы жүк тасымалының тура жол тарифы мен төмендететін коэффиценттерді белгілеу тәртібінің" орындалуы талқылануда.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Біртұтас көлік кеңістігін қалыптастыру жобасын талқылау барысында тарифті реттеу және нормативті құқықтық базаны жақындастыру және ЕврАзЭҚ мүше мемлекеттер арасындағы жүк тасымалының көлік бағасын оңтайландыру, тариф құрылымы жөніндегі ақпаратты саралап, қоғамдастық мемлекеттері арасындағы темір жол арқылы жүк тасымалы тарифтерін қалыптастыру әдістемесін қарастыру көзделген.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің темір жол станциялары арасындағы жүк тасымалының тура жол тарифы мен төмендететін коэффиценттерді белгілеу тәртібі туралы ұсыныстарды әзірлеуді қысқарту үшін және біркелкілікті қамтамасыз ету мақсатында ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің темір жол станциялары арасындағы жүк тасымалының тариф талаптарына қатысты тапсырыстың үндестірілген формасы дайындалды , оны комиссия мүшелері жетілдіріп, көлік саясаты жөніндегі Кеңестің бекітуіне ұсынбақшы.

Бүгін, мәжілістің екінші күні Белорусь Республикасы СІМ астық тасымалына және Өзбекстан Республикасы тарапынан түскен мақта талшықтары тасымалына төмендетілген коэффицентті бекіту туралы ұсыныстары қарастырылады.

ЕврАзЭҚ құрамына Беларусь,Қазақстан,Қырғызстан , Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы кіреді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті